«Жоғары математика және физика» кафедрасы
Кафедра меңгерушісі:
техника ғылымдарының кандидаты
МЫРЗАГЕЛЬДИЕВА ЖАНАТ МУРАТБЕКОВНА
Тел.:8 (727) 396-71-33 (вн. 134, 133)
E-mailzh.mirzageldieva@atu.kz

«Жоғары математика және физика» кафедрасының негізі 1968 жылы қаланды. Жамбыл жеңіл және тамақ өндірістік технологиялық институтының  Алматыдағы филиалы ашылған күннен бастап, соның құрамында болды. Ұйымдастырушысы және бірінші меңгерушісі ф.-м.ғ.к., доцент Меңдаков болды. Бұл есімдердің қатарында кафедра ардагері, 50 жылдан астам өмірін кафедра жұмысына арнаған, ҰОС қатысқан Булабаев Т.Б.  ерекше атап өтуге болады. Сонымен қатар кафедраның дамуына өз үлестерін қосқандар: ф.-м.ғ.д., профессор Кошеров Т.С., Халықаралық инженерлік академияның академигі, ҚР ҰҒА академигі, АТУ профессоры Воронин А.М., ф.-м.ғ.к, ХЭА академигі, АТУ профессоры Токбергенов Д.Б., доцент м.а., ф.-м.ғ.к, доцент м.а. Карыбаева Г.А., ф.-м. ғ.д. Алиев Б.А., т.ғ.к. Мырзагельдиева Ж.М.

«Жоғары математика және физика» кафедрасының миссиясы іргелі математика және физика білімін игерген, алынған білімдерін кәсіби қызметте және арнайы пәндерді оқығанда тиімді қолдана алатын, ғылым, техника және технология саласындағы жоғары білімді мамандар дайындап шығару болып табылады.